Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғынына Кореяға жұмыс визасын жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Қарағанды тұрғынына Кореяға жұмыс визасын жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 51 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданып, алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Полиция қызметкерлеріне белгілі болғаны, жәбірленуші шет елден жұмыс таппақшы болған. Әсіресе елдің айтуы бойынша ол Корея Республикасына барғысы келген. Ол үшін жәбірленушіге шет елге жұмысқа шығу мақсатында виза қажет болған. Осындай жұмыстармен жүрген 51 жастағы қала тұрғыны виза жасауға қол ұшын беремін деген белгісіз азаматпен танысып, ол құжат жасау үшін жәбірленушіден 475 мың теңге ақша сұраған.

Ойында шетелге шықсам деген арманы бар жәбірленуші белгісіз азаматқа сұраған ақшасын берген. Ақша алғаннан кейін бірнеше күн белгісіз азамат қала тұрғынына құжаттар дайындалу үстінде десе, кейін мүлдем телефонын өшіріп тастаған. Алданғанын түсінген қала тұрғыны кейін полицияға арызданған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру