Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда пәтер ұрлығымен айналысқан күдікті ұсталды

Теміртауда пәтер ұрлығымен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйек күні сағат 15.30 шамасында Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне Школьная көшесіндегі үйлердің біріне ұры түсті деген хабарлама келді. Оқиға орынына бірден Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция батальонының жасағы жіберілді.

35 жастағы жәбірленуші азаматша полиция қызмектерлеріне жұмыстан соң үйіне келгенде үйдің есігі ашық тұрғанын айтты. Азаматша үйіне кірген бетте үйінде белгісіз азаматты көрген, кейін күдікті үй иесінің есеңгіреп тұрғанын көріп, оқиға орынынан қашып кеткен.

Полиция қызмектерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы азамат ұсталды. Күдікті кілт таңдау арқылы үйге кіргенін және үйден бағалы заттар іздегенін және үй иесінің келіп қалғанынан ойлағанын жүзеге асыра алмағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, оның барысында күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы анықталды.

Мәселен, күдікті бұған дейін кілт таңдау арқылы 34 жастағы қала тұрғынының үйіне кіріп, құндыз тон мен костюм ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 375 мың теңгені құраған. Сондай-ақ күдікті 60 жастағы қала тұрғынының үйіне қылтима арқылы кіріп, құны 290 мыңға бағаланған 3 қолсағат ұрлап кеткеніде анықталды.

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерімен айғақ заттар тәркіленіп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру