Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғасы 21 қыркүйекте сағат 21.00 шамасында Павлодар қаласының Малайсары батыр-Қамзин көшелерінің қиылысында болды.
– Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 33 жастағы жүргізуші Toyota Aristo автокөлікті басқара отырып, 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Айта кетейік, жылдың басынан бері Павлодар аумағында 185 ЖКО тіркелген, соның салдарынан 6 адам көз жұмып, 253 адам жарақат алды.