Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мектепте бұрыш баллонын шашқан оқушыны анықтады

Павлодар полицейлері мектепте бұрыш баллонын шашқан оқушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйекте сағат 11.00 шамасында Павлодар қаласының полициясына Денсаулық сақтау органдарынан Ленин кентінің №33 ЖОМ-де «Белгісіз затпен улану» диагнозымен балалар ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Мекенжай бойынша шұғыл қызметтер дереу жіберілді, оқу орнының оқушылары мен персоналы эвакуацияланды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ТЖД қызметкерлері және медицина қызметкерлері жұмыс істеді, ғимаратты қарап шығу және мектеп ғимаратына орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру жұмысы жүргізілді.

– Жүргізілген жұмыс нәтижесінде полиция аталған мектептің оқушысы 10 жастағы кәмелетке толмаған баланы анықтады. Оның айтуынша, бүгін үшінші сабақтан кейін ол қызығып, бұрыш баллонын дәптер парағына сеуіп көрмекші болған. Баллонды көшеден тауып алған, – деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Аталған факті бойынша кәмелетке толмағанмен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қыздың мінез-құлқы мектептің профилактикалық Кеңесінде қаралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру