ШҚО-да полицейлер төрт жыл бойы баласын асырамаған әйелді іздеп тапты
ШҚО полицейлеріне алимент төлеуден жалтарған ананы іздестіру үшін бір тәуліктен аз уақыт қажет болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйел адам төрт жыл бойы баласын асырамаған және жұмыс істемеген.
Өскемен қалалық ПБ көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушыдан 2018 жылғы наурыздан бастап өзінің 5 жасар қызын асырауға алимент төлемеген 39 жастағы азаматшаны іздестіру жариялау туралы қаулы келіп түскен.
Өтінішті алған көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге кіріскен. Тәртіп сақшыларына жауапсыз ананы табу үшін бір тәуліктен аз уақыт қажет болған. Әйел адам осы жылдар бойы ресми түрде жұмысқа орналаспағанын, сол себепті алимент төлемегенін айтып ақталған. Қазіргі уақытта балаға төленетін қарыз 3 млн теңгеден астам соманы құрады. Ақшалай қаражатты өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады.
– Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 120-дан астам алимент төлемегендерді анықтады, – деді ШҚО ПД КҚҚБ бастығының міндетін атқарушы Ринат Шкибаев.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.