Қамаудағы азаматқа котлетпен бірге есірткі әкелген әйел анықталды
Алматыда қамаудағы азаматқа котлетпен бірге есірткі әкелген әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласындағы №72 мекеменің (Тергеу изоляторы) бақылаушылары бұл жолы тыйым салынған зат – полиэтилен пакетіне оралған 4 бума есірткіні котлеттің ішінен тапты.
Сәлемдеме 192-ші бабымен, яғни қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық кодекстің Алматы қаласы ауданаралық мамандандырылған сотының санциясымен ұсталған тергеу тұтқынындағы Аслан атты жігітке арналыпты.
Тұтқында жатқан күдіктіге тыйым салынған затты тасымалдаушы 62 жастағы Л.-ның әрекеті бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасынан жедел-тергеу тобы шақырылып, Қ ҚК 296-бабында көзделген (Есiрткi, психотроптық заттарды тасымалдау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.