Алматылық полицейлер Швеция азаматшасының жоғалған әмиянын тауып берді
Алматылық полицейлер Швеция азаматшасының жоғалған әмиянын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz
51 жастағы Швеция азаматшасы Моника Андерссон өз мүлкін Орталық колхоз базарының маңында жоғалтып алған. Бұл туралы ол полицияға хабарлаған.
– Сағат 15:00 шамасында ПБ-ға бір әйел адам келіп, әмиянының жоғалғаны туралы хабарлады. Мүліктің белгілері мен әйелдің нақты қозғалу бағытын алғаннан кейін, бірінші болып криминалдық полиция бөлімі мен тергеу-жедел тобының қызметкерлері бағыт-бағдар алды. Екі сағаттың ішінде әмиян табылды және иесіне қайтарылды. Әмиян ішіндегі заттар түгел болды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Швеция азаматы Моника Андерссон Алматы полицейлеріне алғысын білдірді.
– Менің әмиянымды тауып бергендеріңіз үшін сіздерге ризамын. Менің ешқандай шағымым жоқ. Сіздерге көп рахмет, – деді, ол.