Түркістан облысында мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Түркістан облысында ЖҚЕ бұзған мас жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бәйдібек ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде мас халде көлік тізгіндеген жүргізушіні анықтады. Яғни, полицейлер Бәйдібек ауданы Ақтас көшелерінің бірінен күндізгі сағат 13:30 шамасында Chevrolet Niva автокөлігінің жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді.
Аталған жайтты нақтылау үшін медициналық сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің мас халде екені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері мас халде автокөлік басқарған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған іс-құжаттарды Бәйдібек аудандық сотына жолдады. Бүгінде сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды. Сондай-ақ, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.