Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында масаң күйде мотоцикл басқарған азамат ұсталды

Қарағанды облысында масаң күйде мотоцикл басқарған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасы қызметкерлері “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Кешкі сағат 20.00 шамасында полиция қызметкерлеріне ауданға қарасты ауылдардың бірінде мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ мотоцикл назарларын аудартқан. Олар аталған көлікті 35 жастағы тұрғынның басқаруында тоқтатты. Тәртіп сақшылары одан құжаттарын сұрау барысында көлік жүргізушіде ешқандай құжаттары болмаған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жүргізушіден ішімдіктің иісі шыққанын сезген.

Медициналық тексеріс барысында 35 жастағы азаматтың мотоциклді ішімдік ішкен күйде басқарғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 6-тармағына сәйкес хаттама толтырылды. Бұл баптың санкциясына сәйкес азамат 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру