Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғындарын “құрылыс компаниясының” қызметкерлері алдап кетті

Қарағанды облысының тұрғындарын “құрылыс компаниясының” қызметкерлері алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 80 жастағы азаматша арызбен шағымданды. Зейнеткер полиция қызметкерлеріне алаяқтардың арбауына түскенін айтқан. Оқиға желісі былай болған: жәбірленушінің үйіне белгісіз екі адам келіп, өздерін құрылыс компаниясынан деп таныстырып, зейнеткердің үйіне жөндеу жасап беретінін айтып, құрылыс материалдарын алу үшін 90 мың теңге алған. Зейнеткердің ақшасын алғаннан кейін белгісіз азаматтар ешқандай жұмыс жүргізбей ізім-қайым жоғалған.

Тәртіп сақшыларына жәбірленуші күдіктілер туралы мәлімет беріп, олардың түрлеріне дейін сыйпаттап берген. Сол бойынша күдіктілердің фотокескіні жасалды.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 және 30 жастағы екі азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Дәл осындай жағдайға 30 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны да тап болған. Ол бұл туралы Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне жазған арызында көрсетті. Жәбірленуші азамат өзі тұратын үйде дәлізге жауапты болғандықтан жөндеу жұмыстарын жасамақшы болған. Сөйтіп, ол көршілерінен жөндеу жұмыстарына 600 мың теңге ақша жинап, жөндеумен айналысатын адамға берген. Алайда арада екі ай өтсе де жөндеу жұмыстары жасалмай, күрделі жұмыс жасаймын деген азамат байланысқа шықпай кеткен.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел әрекеттер барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталып, ол алған ақшаны өз пайдасына жұмсағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру