Алаяққа сенген павлодарлық 3 млн теңгесінен айырылды
Алаяққа сенген павлодарлық 3 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Павлодарлық оңай әрі жылдам ақша табуды уәде еткен қаскүнемдерге сеніп қалған.
Полицейлер анықтағандай, қыркүйек айының басында Павлодар қаласының 58 жастағы тұрғыны ауруханада емделіп жатып, интернетті қарап, жарнамада тез ақшалай табыс абуға уәде етілген сайттардың біріне тап болды. Сілтеме бойынша өтіп, ол өтініш қалдырды. Біраз уақыттан кейін оған өзін Станислав деп таныстырған ер адам қоңырау шалып, бұл ұсыныстың дұрыстығына сендірді. Бірақ бұл үшін үміткер несиеге қолма-қол ақша алуы керек.
Басынан бастап, павлодарлық өз шотынан 54 мың теңге аударған. Содан кейін банктердің бірінің мобильді қосымшасында 3 млн теңге сомасына несие ресімдеп, көрсетілген банк картасының нөміріне аударды. Осыдан кейін ғана павлодарлық алаяқтардың қармағына түскенін түсінді. Ер адам полицияға қоңырау шалып, болған оқиға туралы хабарлады.
– Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.