Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда үш күнде айыптұраққа 60 көлік қойылды

Маңғыстауда үш күнде айыптұраққа 60 көлік қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында Маңғыстау облысында 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында 1264 құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар –  қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану. Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша 338 хаттама жасақталды. ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша 194 құқық бұзушылық анықталды. Осы үш күнде көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, автокөлік тізгіндеген 35 жүргізуші анықталып, бұрын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер де кездесті. Облыс жолдарында тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігі бойынша жауапкершілік түрі қолданылған осындай 5 жүргізушіні тоқтатылды. Сонымен қатар, мас күйде көлік басқарған 7 жүргізуші анықталды.

Шара барысында жолды белгісіз жерде кесіп өткен 196 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Үш күн ішінде түрлі құқық бұзушылықтар үшін айыппұл тұрағына 60 автокөлік қойылып, 48 көлік құралының мемлекеттік белгісі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру