Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда учаскелік инспекторлар ұрлықты «ізін суытпай» ашты

Көкшетауда учаскелік инспекторлар ұрлықты «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz

29 қыркүйек күні сағат 11:15 шамасында Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыстық орталықтың коммуналдық кәсіпорындарының бірінің қауіпсіздік қызметінің бастығынан Әшімов-Сәдуақасов көшесінің қиылысында белгісіз біреу су бөлетін колонканы ұрлап әкеткені туралы өтініші келіп түсті. Залал сомасы 40 мың теңгені құрады.

Оқиға орнына келген учаскелік инспекторлар Найман Саменов пен Самат Шарипов жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің жеке басын анықтады. Ол белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 43 жастағы ер адам болып шықты. Су бөлетін колонканы өзі бөлшектеп, металл қабылдау орнына тапсырған. Үйсіз адам түскен ақшаны жұмсап үлгерген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қаскүнемнің жеке басын анықтауға учаскелік полицейлердің кәсіби әрекеттері және ұрлық жасалған жердің жанында жұмыс істейтін құрылысшылардың қырағылығы көмектесті. Неліктен ер адам бағанды алды деген сұраққа соңғысы коммуналдық кәсіпорынның қызметкері екенін және өз жұмысын атқаруда екенін айтқан. Мұның растығына күдіктенген ер адамдар «жұмысшыны» суретке түсіріп алған. Кейіннен бұл фотосурет ұрлықты «ізін суытпай» ашуға көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру