ІІМ басшысы мал иелеріне бақылаусыз жайылым үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
Мал иелеріне бақылаусыз жайылым үшін жауапкершілікті күшейтуді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкіметтің жол қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі отырысында ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл жануарлармен соқтығысу апаттарының саны 13%-ға өсті. 26 жүргізуші мен жолаушы қаза тапты, 135 адам жарақат алды.
Маңғыстау облысының өзінде түйелерді қағумен байланысты 8 жол апаты орын алды. 5 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алды.
Полиция мал иесін іздеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болады. Тек соңғы 10 күн ішінде (қыркүйек айында) 200-ден астам қараусыз қалған түйелер мен жылқылар анықталып, олар арнайы қораларға жабылды.
– Осыған байланысты малды бақылаусыз қалдырғаны үшін олардың иесінің жауапкершілігін қатаңдату ұсынылады (ӘҚБтК 408-бабы-10 АЕК айыппұл). Сонымен қатар қараусыз жайылып жүрген малды қамайтын арнайы қоралар қажет. Бұдан басқа арнайы жол қоршаулары да керек, – деді министр.