Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері жолаушылар пойызының жолсерігінен есірткі тапты

Өзбекстан Республикасы жолаушылар пойызының жолсерігі Қазақстан арқылы есірткі затын тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осы жылдың тамыз айында көлік полицейлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Сарыағаш станциясына (Түркістан облысы) келген Ташкент – Самара бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында есірткі құралдарын іздеуге үйретілген қызметтік-іздестіру иті жоғарыда аталған пойыздың 26 жастағы жолсерігіне белгі беріп, көрсетеді. Күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Жеке тінту кезінде ер адам Ташкент қаласында есірткі затын тауып, жол бойында жеке пайдалану мақсатында аяқ киімнің астына жасырғандығын айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат кептірілген марихуана болып шықты.

– Аталған факті бойынша Арыс-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 286- бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді, – деді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет.

Сондай-ақ, Е. Жалмағамбет 4 қазанда Арыс аудандық қылмыстық сотының шешімімен Өзбекстан азаматына 200 АЕК (612 600 тг) мөлшерінде айыппұл салынғанын айтты.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 275 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 23 өткізу фактісі және аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 23 фактісі тіркелген. Заңсыз айналымнан 165 келі астам есірткі заттары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру