Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда жүргізуші полицейлерге жалған құжат көрсеткен

Көкшетауда жүргізуші полицейлерге жалған құжат көрсеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Щучинск қаласының 27 жастағы тұрғыны полицейлерге көлік құралын тіркеу туралы жалған куәлік көрсеткен.

10 қыркүйекте “Автоураган” экипажы жол қозғалысын қадағалау кезінде Әуезов көшесі бойында шетелдік есептегі ВАЗ-2115 автокөлігін тоқтатты.

Құжаттарды тексеру кезінде көлік құралын тіркеу туралы куәлікте тіркеу нөмірінің сәйкессіздігі анықталды, ол қарапайым қарындашпен, қолмен жазылған.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша “Көрінеу жалған құжатты пайдалану” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру