Алматы полициясы гашиштің аса ірі партиясын тәркіледі
Алматы полициясы гашиштің аса ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ҚПК-нің 128-бабымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде сатуына сәйкес 31 жастағы Т.есімді азамат ұсталды.
– Ол жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Оның көлігінен рұқсат етілген тінту барысында өсімдік заты мен ерекше иісі бар бума табылды және тәркіленді. Кейін сараптама анықтағандай, бұл зат аса ірі мөлшердегі есірткі – гашиш болып шықты, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жедел уәкілдер есірткіні қамтамасыз ету арнасын анықтап, жоюы керек.