СҚО полицейлері тонаудың 22,2%-ға төмендеуіне қол жеткізді
СҚО полицейлері тонаудың 22,2%-ға төмендеуіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тонауға қарсы іс-қимыл – полиция жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Тонаудың алдын алу үшін Петропавлда полиция кешенді күштерінің бағыттары қылмыс жасалуы мүмкін орындарға барынша жақындатылды. Қараңғы кезде бұндай жерлерге жарық аса түспейді, бірақ адамдар көп жүреді. Кезекшілікке түскен полиция және Ұлттық ұланның жаяу жасақтары қысқа көшелерден, көп қабатты үйлердің аулаларынан өтуге бағдарланады.
Тағы бір жиі кездесетін жағдай – аяқ асты тонау, қаскөй қараусыз қалған заттарды көріп қылмысқа барады. Полицейлер адамдар жиі жүретін орындарда телефондарды, қол жүгін басқа да шағын қымбат заттарды қалдырмауға кеңес береді, бұл тонаудың орын алуына алып келуі мүмкін.
– Тонауды «ізін суытпай» ашуға қала көшелерін, үй мен аулаларға сыртқы бейне бақылау камераларын орнату өз септігін тигізуде. Бұған мысал, шілде айында Ғ.Мүсірепов көшесінде жасалған тонау. Жәбірленуші егде жастағы ер адам. Көзі нашар көргендіктен, ол қылмыскерді сипаттай алмады. Дей тұрғанымен, бейне камералардың көмегімен қаскөй бір сағаттың ішінде ұсталды. Тамыз айында сот болды. 39 жастағы қала тұрғыны 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Жалпы 9 айдың ішінде облыста 28 тонау тіркелді. Күдіктілердің бірі іздеуде, қалғандары ұсталды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде осындай 36 қылмыс жасалған, тонау саны 22,2 %-ға төмендеді.