Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ ақтөбелік ер адамды 17 млн теңгеге сан соқтырды

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасына 55 жастағы ер адам арызбен жүгінді. Жәбірленуші алаяқтардың құрбаны болған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Оның айтуынша, белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы банкте депозит бойынша пайыздық мөлшерлемелер өскенін хабарлаған және жаңа депозит ашып, телефонға келетін SMS-кодты хабарлауды ұсынған. Күдікті адам бірнеше күн ішінде алаяқтарға бірнеше миллион теңге аударған. Нәтижесінде жәбірленуші 17 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады.

Осы факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Естеріңізде болсын, банктер мен төлем жүйелері ешқашан өз клиенттерінің телефондарына шот деректерін беруді сұрайтын хаттар жібермейді немесе қоңырау шалмайды. Банктерде сізге  қатысты барлық мәліметтер бар, – деп атап өтті Ақтөбе облысы бойынша ПД.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру