Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

72 жастағы Абай облысының тұрғыны заңсыз қару сақтаған

72 жастағы Абай облысының тұрғыны заңсыз қару сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының аумағында “Учаске” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Әуезов ПБ-нің учаскелік инспекторлары үйлерді аралау кезінде заңсыз қару сақтау фактісін анықтады.

72 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) заңсыз қару сақтағаны және оны алып жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған баптың санкциясы жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру