Ақтөбе облысында жыл басынан бері ІІО-ға 4700-ден астам жасөспірім жеткізілді
Ақтөбе облысында жыл басынан бері ІІО-ға 4700-ден астам жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Осы жылдың 9 айында Ақтөбе облысы ПД ювеналдық полиция бөлімшелері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.
Жыл басынан бері ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылықтар үшін 4700-ден астам кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. 535 жасөспірім мен 424 тұрмысы нашар отбасы есепке алынды. Бұл адамдар тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары зерделенді. Әңгімелесулер жүргізіліп, құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда заңды шаралар қабылданады.
Жыл басынан бері түнгі мезгілде ата-анасыз 115-ке жуық кәмелетке толмаған бала анықталды. Барлық заңды өкілдерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, 155 заңды өкіл кәмелетке толмағандарды дұрыс тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларының бос уақытын бақылауға кеңес береді.