Шахтинскіде зейнеткердің көлігін айдап әкеткен жасөспірімдер ұсталды
Шахтинскіде зейнеткердің көлігін айдап әкеткен жасөспірімдер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кешкі сағат 23.30 шамасында Шахтинск қалалық полиция бөліміне қала шетіндегі ауылдардың бірінде автокөлік ұрлығы болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.
67 жастағы зейнеткер полиция қызметкерлеріне көлігі үйінің ауласында тұрғанын, түнгілік уақыт ол көлігінің от алған дауысын естіп, терезеге қарағанда оны белгісіз біреулердің мініп кеткені туралы арызданған.
Полиция қызмектерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен аталған көлік ішінде 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдермен қоса қала көшелерінің бірінен ұсталды. Олар көлікті қалада жүріп қайту үшін әкеткендерін мойындады.
Осындай жағдай Балқаш қаласында да болды. 28 жастағы қала тұрғыны жеке үйдің ауласына түсіп, 46 жастағы азаматтың автокөлігін айдап әкеткен. Бұл туралы жәбірленуші бірден полицияға хабарлама берген.
Қаладағы бейнебақылау камераларын қарау барысында полиция қызмектерлері оны қала көшелерінің бірінен көріп, бірден ұстау шараларын жүргізіп, күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізді.
Екі дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.