Теміртауда медицина мекемесінің аумағынан ұрлық жасағандар қолға түсті
Теміртауда медицина мекемесінің аумағынан ұрлық жасағандар қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне аумаққа қарасты медицина мекемелерінің бірінде жылу маусымына дайындап қойған темір трубалардың ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 39 мың теңгені құраған.
Ұрлық болғандықтан мекемені жылуға қосу қиындық тудырған. Полиция қызметкерлерімен оқиға орынынан автокөліктің ізі алынды. Осыған қарап ұрлық кезінде аталған аумаққа күдіктілердің көлікпен келгені белгілі болды.
Полиция қызмектерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 және 49 жастағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Сондай-ақ, аталған полиция бөлімі қызмектерлерімен аумақтағы мекемелердің бірінен қоршауға дайындап қойған 22 темір тұрба ұрлағандарды ұстады. Олар жәбірленушілерге 215 мың теңге шығын келтірген.
Бұл іс бойынша полиция қызметкерлері 34 жастағы азаматты ұстап, ол ұрланған заттарды өз пайдасы үшін темір алатын жерге өткізбекші болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.