Қызылордалық полицейлер пәтер ұрысын құрықтады
Қызылордалық полицейлер пәтер ұрысын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қызылорда қаласы ПБ қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысты күдікті 30 жастағы ер адамды «ізін суытпай» ұстады.
11 қазан күні басқарманың кезекші бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны келіп, бірінші қабатта орналасқан пәтердің терезесін сындырып, қонақ бөлмеге кіріп, құрылыс құралдарын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған. Келтірілген шығын 350 мың теңгені құрады. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобының қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.