Ақтөбе облысында қалта ұрлығының саны 25,9%-ға төмендеді
Ақтөбе облысында профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қалта ұрлығының саны 25,9%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Осы жылы облыс бойынша осындай 150-ден астам қылмыс тіркелді. Қылмыскерлер негізінен ұялы телефондар мен ақшаны ұрлап кетеді, ал қылмыстың ең көп орын алатын жері – қоғамдық көлік.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті қылмыстың құрбаны болмас үшін автобусқа мінген кезде ақшаны ішкі қалтада ұстауға кеңес береді.
– Жол ақысын алдын ала дайындау керек. Сөмкелерді алдыңызда ұстаңыз. Өзіңізді итеруге, назарыңызды басқа жаққа аударуға тырысып жатқанын байқасаңыз, мүлікіңізді қауіпсіздігін дереу тексеріңіз. Жоғалған болса, жүргізушіден автобустың есігін ашпауын сұраңыз. Егер бұл телефон болса, онда қылмыскер әлі де көлікте болуы мүмкін. Бұл жағдайда жолаушылардың біреуінен сіздің нөміріңізге қоңырау шалуын сұраңыз, телефон әлі де қосулы болуы мүмкін, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ПД