Түркістанда 10 млн теңгеге жуық ақшаны жымқырған кассир әйел анықталды
Түркістанда 10 млн теңгеге жуық ақшаны жымқырған кассир әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан полициясына жергілікті тұрғын жеке кәсіпкер арызданды. Оның айтуынша, оның кассадағы қызметкерімен есептесу кезінде 10 млн теңгеге жуық ақша кем болып шыққан. Содан жәбірленуші оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Тәртіп сақшылары ақпарат келіп түскен бойда бірден іске кірісті. Олар қаражаттың қайда кеткенін анықтау үшін қажетті жұмыстарды атқарды. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті әйел болып шықты.
Анықталғандай, күдікті әйел жеке кәсіпкерлік орталықта кассир операторы болып жұмыс істеген. Күдікті кассадан 5 миллион теңгені, арада біраз күн өткен соң тағы да 5 миллион теңгеге жуық ақшаны білдірмей алған. Күдікті әйел алған ақшаның барлығын бас пайдасына жұмсаған.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті емденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.