Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сот жүктеген міндеттерді орындамаған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Қызылорда облысында сот жүктеген міндеттерді орындамаған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанның сотпен жүктелген міндеттерді орындамауына қатысты ісі Жаңақорған аудандық сотында қаралды.

Қайта қылмыс жасамауға ықпал ету мақсатында онлайн түрде өткен сот отырысына пробация қызметі есебінде тұрған басқа да сотталғандар қатысты.

– Сотталған Б. сот белгілеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу мерзімінде өзін теріс жағынан көрсетіп келді. Сонымен қатар ол белгіленген күндері пробация қызметіне тіркелуге келмей және тексеру кезінде тұрғылықты мекенжайында болған жоқ. Одан бөлек, пробация қызметін хабардар етпей, белгіленген әкімшілік аумақтық шегінен шығып, ішкілікке салынып ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 434-2 бөлігінің талаптарын бұзып, әкімшілік құқық бұзушыларды жасаған, – дейді Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Батырбекұл.

Сотталған азаматтың жоғарыда аталған заң бұзушылықтарына сәйкес, Жаңақорған аудандық пробация қызметімен оған қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыным жолданған.

Сот шешімімен, сотталған ер адам өтеу шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру