Қызылорда облысының тұрғынынан кептірілген марихуана тәркіленді
Қызылорда облысының тұрғынынан 64 сіріңке қорабына салынған ірі мөлшерде есірткі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz
14 қазан күні «Қарасора – 2022» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ және Жаңақорған АПБ-ның қызметкерлері бірлесіп, облыс тұрғынының тұрғылықты жерінен 64 дана сіріңке қорабына салынған салмағы 557 грамм болатын ірі мөлшерде кептірілген марихуана анықталып, оқиға орнында құрықталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.