Ақтау тұрғыны жұмысқа орналасам деп алаяққа алданды
Ақтау тұрғыны жұмысқа орналасам деп алаяққа алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтау қаласының тұрғыны мұнай саласы мекемелерінің біріне жұмысқа орналасуға көмек беремін деп кейін уәдесін орындамаған алаяққа қатысты полицияға арызданды. Белгілі болғандай, арам пиғылын жүзеге асырмақ болған азаматша жәбірленушіден 800 мың теңге көлемінде қаржы алған.
Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 54 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге ақпараттар тергеу мүддесінде жария етілмейді.