Қарағандыда ер адам автосалоннан млн теңгенің заттарын ұрлап кеткен
Қарағандыда ер адам автосалоннан құны млн теңгенің заттарын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 27 жастағы Қарағанды тұрғыны арызданған. Ол кешке жұмыстан қайтып, көлігін көпқабатты үйдің ауласына қойғанын айтты. Оған қоса ер адам көлікті жабуды ұмытып кеткен. Таңертең жәбірленуші көліктің салонына біреудің кіріп, барлық құнды заттарды – екі ұялы телефонды, құлаққапты, банк карталарын, құжаттарды ұрлап кеткенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 20 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай ділелдемелер алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қаскөйдің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.