Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғынынан 200 грамм гашиш тәркіленді

Астана тұрғынынан 200 грамм гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде есірткі сатушыны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары өткізілді. Күдікті полиция қызметкерлеріне елорданың бей-жай қарамайтын тұрғынынан, белгісіз адамның үйінде есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келгеннен кейін құрықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері елорданың 34 жастағы тұрғынын ұстады, одан салмағы 200 грамнан асатын гашиш тәркіленді.

Тәркіленген есірткі заты буып-түйіліп, одан әрі сату үшін дайындалғаны анықталды. Сондай-ақ тінту кезінде ер адамнан есірткі қалдықтары бар электронды таразы тәркіленді.

Есірткіні сақтау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта құқықтық тәртіп сақшылары есірткі жеткізу арнасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Полиция атап өткендей, жыл басынан бері елордада заңсыз айналымнан 250 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, оның 119 келісі – гашиш.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру