ІІМ-де үздік қызметкерлер марапатталды
Ұлттық мереке мәртебесі берілген Республика күнін Ішкі істер министрлігі де атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Салтанатты шарада ведомство басшысы Президенттің Жарлығымен бекітілген бұл күннің маңыздылығына ерекше тоқталып, қызметкерлер мен ардагерлерге лебізін білдірді.
Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 32 қызметкері мен ардагеріне мемлекеттік награда табысталды. Сондай-ақ бірқатар қызметкер министрдің бұйрығымен мінсіз қызметі үшін марапатталды.
Республика күніне арналған марапаттау шарасы концерттік бағдарламаға ұласты. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті мәдени орталығы ұжымының өнері құқық қорғаушыларды жігерлендіріп, рух бере түсті.