Павлодар облысының полициясында ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды
Республика күні қарсаңында облыстық ведомствода Департаменттің ардагерлері, басшылығы мен жеке құрамы қатысқан салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Республика күні – мемлекеттілікті бейнелейтін маңызды мереке. Біз қызметке кірісе отырып, тәуелсіздікті нығайтуға өз үлесімізді қосамыз, бұл ретте өміріміз бен денсаулығымызға қауіп төндіреміз. Бірақ тек шынайы патриот әрқашан басқа адамдардың мүдделерін қорғауға дайын. Бұл жас ұрпақ үшін борыш пен антқа адал қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады, – деп атап өтті Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.
Дәстүр бойынша бұл күні ерекше көзге түскен полиция қызметкерлеріне марапаттар табысталды.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге байланысты облыс әкімінің өкімімен Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілі Руслан Нүсіпов алғыс хатпен марапатталды.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен Екібастұз қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мансұр Сағатовқа «полиция майоры» арнайы атағы берілді.
Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ержан Әлжанов «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медаліне ие болды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Құрмет грамотасымен Успен ауданының полиция кезекші бөлімінің көмекшісі Ренат Бекенов, Қазақстан Республикасы ІІМ грамотасымен Май ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Алмаз Рахметов марапатталды.
Сонымен қатар бірқатар полиция қызметкерлері Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және Полиция департаментінің естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Іс-шара дарынды полиция қызметкерлері және жергілікті әртістер қатысқан концерттік бағдарламамен аяқталды.