Балқашта заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды
Балқашта заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазан күні Балқаш қалалық полиция бөлімі табиғатты қорғау бөлімшесінің қызметкерлері қалалық балық инспекциясы мамандарымен бірлесіп, Балқаш көлінде заңсыз балық аулаудың алдын алуға байланысты рейдтік іс-шаралар өткізді. Сағат 19.30 шамасында Ащыөзек станциясының маңындағы өзенде резеңке қайықтан заттар түсіріп жатқан азаматты байқады.
Полиция қызметкерлері күдік тудырған 42 жастағы Балқаш қаласының тұрғынын ұстады. Қайықты тексеру барысында 23 келі алабұға, 34 келі берш және 500 метр балық аулау ауы тәркіленді. Жануарлар әлеміне келтірілген шығын көлемі 344 000 теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.