Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері ер адамды тонаған екі қаскөйді ұстады

Абай облысының полицейлері шетелдікті тонауға қатысы бар адамдарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының басында түнгі уақытта Семей қаласы ПБ Әуезов полиция бөлімінің 102 жедел арнасына Ресей Федерациясының 23 жастағы азаматы жүгініп, Ертіс көшесінде орналасқан үйдің ауласында екі белгісіз ер адам оның 20 000 теңге және 50 000 рубль қаражатын ашық түрде ұрлап кеткенін хабарлады.

Криминалистер оқиға орнынан дәлелдер жинап, төрт қол ізі, аяқ киімдер ізі, топырақ пен микробөлшектерді тәркіледі. Жедел қызметкерлер тізбек бойынша ақпараттар жинап, айналадағы барлық бейнебақылау камераларын зерттеді.

Үйлесімді жұмыстың нәтижесінде полиция қызметкерлері “ізін суытпай” қаскүнемдердің жеке басын анықтап, қолға түсірді. Олар бұрын сотталған 37 және 38 жастағы қала тұрғындары болып шықты.

Сол күні күдіктілер алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін дүкеннен шыққан жәбірленушіні қуып жетіп, оны тонап кеткен.

Қазіргі уақытта тонауға қатысқандардың екеуі де УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру