Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері жаппай төбелестің қатысушыларын анықтады

Абай облысының полицейлері бұзақылық жасап, төбелес бастаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 тамыз күні әлеуметтік желілерде Шар қаласының Жарма ауданы аумағында бір топ жас жігіттер арасындағы жанжалдың бейнежазбасы тарала бастады.

Аталған факті бойынша дереу тексеру басталып, оның барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жанжалдың барлық мән-жайлары анықталуда.  

Қазіргі уақытта Шар қаласында жедел жағдай тұрақты.

Бұл факті Абай облысы Полиция департаментінің бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру