Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батыс Қазақстанда браконьерлер ұсталды

Батыс Қазақстанда браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Профилактикалық шараның алты күнінде полицейлер ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша екі қылмыстық істі анықтап, 34 келі шаян, бес шаян аулағыш және екі резеңке қайық тәркіленді.

«Браконьер» іс-шарасын жүргізу барысында Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны Бәйтерек ауданындағы Шаған өзенінің жағасында шаян торларымен балық аулаған, сол арқылы балық ресурстарын заңсыз өндірумен айналысқан. Ұсталған адамнан резеңке қайық, жалпы салмағы 14 келі болатын екі қап шаян, екі шаян аулағыш торы тәркіленді.

Сондай-ақ 23 қазан күні сағат 00:30 шамасында Самара – Шымкент тас жолында Volkswagen Passat автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында 35 жастағы азаматтың көлігінен жалпы салмағы 20 келі болатын екі қап шаян, резеңке қайық, үш шаян аулағыш торы табылып, тәркіленді.

Іс-шара барысында 54 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабымен 32 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша – 22 хаттама толтырылды. Аталған екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру