Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz
31 қазанда полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру барысында Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы фастфуд дайындау ғимаратының қазандық бөлмесінде диванның астынан 16 калибрлі бір ұңғылы кесінді, 12 калибрлі екі ұңғылы кесінді, 22 патрон және екі травматикалық тапаншасы бар қара шүберек сөмке табылды.
Тәркіленген қару бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
25 жастағы ғимарат иесіне қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.