Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды
Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды, – деп хабарлайды Polisia.kz
2 қарашада Қазығұрт АПБ-ға Алматы – Термез тас жолы Қазығұрт асуында жол апаты болғаны бойынша хабарлама келіп түсті.
Анықталғандай, патрульдік полиция батальонының қызметкері терезесін күңгірттеп алған Mercedes-Benz Е-350 көлігіне әкімшілік шара көріп тұрған сәтте, Шымкент бағытына қарай кетіп бара жатқан Лада 21015 автокөлігінің жүргізушісі абайсызда артынан келіп соққан.
Mercedes-Benz Е-350 көлігі өзінің алдында тұрған полицейдің Kіа Rіо қызметтік көлігіне соқтығысқан. Осылайша бірнеше көлікке материалдық шығын келтірілді. Адам шығыны жоқ. Жол апаты салдарынан Лада 21015 көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен орталық ауруханаға түсті.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.