Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада құрылыс заттарын ұрлаған ер адам ұсталды

Қызылордада құрылыс заттарын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлықтың “ізі суымай” ашылды.

3 қараша күні қала тұрғыны Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп, сарайының терезесін сындырып, құрылыс заттарын ұрлап кеткендігі жөнінде арыз берген болатын.​ Тәртіп сақшылары ұрлық дерегін жасаған 50 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындап, ұрланған заттарды иесіне қайтарды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ол басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру