Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды
Алматыда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған блогер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Алматы қаласының Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Ресей Федерациясының азаматы, 21 жастағы Т. есімді азаматтың жауапқа тартылғанын хабарлайды.
Жергілікті Полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырды: ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 2-бөлігі мен ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы 1-бөлігі.