Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда танысын тонаған күдікті ұсталды

Талдықорғанда танысын тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

4 қараша күні Талдықорғандағы дәмханалардың бірінде 37 жастағы азаматты белгісіз адамдар тонап кеткен. Ер адам алкогольді ішімдік ішкен және оның күртесін, аяқ киімін, құжаттарын және телефонын иемденген ұрылардың келбетін сипаттай алмады.

Көшедегі бейнебақылау камералары арқылы қалалық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтай алды. Ұсталған 34 жастағы азамат сол күні спирттік ішімдік ішу кезінде бір үстел басында отырған зардап шеккен азаматтың танысы болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру