Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Браконьер» ЖПІШ: Семей тұрғынынан 20 келіге жуық заңсыз ауланған балық алынды

«Браконьер» ЖПІШ барысында Семей тұрғынынан 20 келіге жуық заңсыз ауланған балық алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

4 қарашада «Браконьер» ЖПІШ барысында «Ертіс» стационарлық-бақылау бекетінде құрамында қызмет инспекторлары Нұршашқан Матайбаев пен Нұрбол Бузаубаевтың кезекшіліктері кезінде 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lexus автокөлігі тоқтатылады.

Тексеру кезінде автомобильдің жүксалғышынан үрлемелі резеңке қайық, шамамен 20 келі балық және балық аулау торы табылды. Анықтау барысында ер адам «Орленок» саяжай алабы ауданындағы Ертіс өзенінің жағалауында балық аулағанын айтқан.

Семей қаласының 39 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі (Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру