Жетісу полицейлері толғағы басталған әйелді ауруханаға жеткізуге көмектесті
Жетісу полицейлері толғағы басталған әйелді ауруханаға жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Дерек Алакөл ауданында тіркелді. 8 қараша күні Алматы – Өскемен тас жолында жедел жәрдем көлігінің сынуы орын алды. Жақын жерде республикалық жолдың аталған учаскесін бақылайтын полиция автопатрульі болды.
– Көліктің төменгі бөлігінде өрт шығып, жедел жәрдем қозғалысын жалғастыра алмады. Қабанбай ауылынан толғатып жатқан жүкті әйелді дәрігерлер Үшарал қаласына жеткізбек болғаны белгілі болды. Біздің қызметкерлері Айдын Ғазизов пен Данияр Жақсыгелдинов әйелді дереу полиция патрульіне отырғызып, жедел түрде ауруханаға жеткізді, онда әйелге қажетті көмек көрсетілді, – деді Жетісу облысы ППБ бастығының орынбасары Абылай Беркендіков.
Жедел жәрдем қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені үшін алғыстарын білдірді.