Астанада ресейлік жалдамалы үйден су есептегіш құрылғыны ұрлап кетті
Астанада Ресей азаматы жалдамалы үйден су есептегіш құрылғыны ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады. Ресей Федерациясының азаматы елордаға 2 ай бұрын келіп, жатақханадан бөлме жалдағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ер адам бөлмені босатып, көшерде өзімен бірге су есептегіш құрылғыны алып кеткен. Құрылғының жоғалғанын анықтаған үй иесі полицияға жүгінген.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктіні ұстады. Ол ұрланған су өлшегіш құрылғыны кездейсоқ адамдарға сатып жіберген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.