Астана тұрғыны танысының банк қосымшасындағы ақшасын жаратып жіберген
Астана тұрғыны танысының банк қосымшасындағы ақшасын жаратып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғынынан оның досы ақшасын ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Әйел танысына абайсызда суға түсіріп алған телефонын жөндеп беруді сұрап жүгінген. Біраз уақыт өткеннен кейін ер адам телефон жөндеуге келмейтінін айтқан. Шындығында, күдікті телефонды жөндеген және банктің мобильді қосымшасын ашып, құпия кодты бір дегенде тура тауып, ақшаны иемденген.
Кейінірек әйел жаңа телефон сатып алып, оған банк қосымшасын жүктеген кезде, оның 150 мың теңге сомасында ақшасының жоғалғанын білген. Kaspi қосымшасының хабарламасына сәйкес, қолма-қол ақша ломбардтан алтын алқа сатып алу үшін жұмсалған, ол оны кейін қымбатырақ бағаға сатпақшы болған. Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні, Өзбекстан Республикасының 25 жастағы тумасын ұстады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрын тонау қылмысы үшін сотталған азамат мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.