Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда 20 сотталған рақымшылыққа ілінді

Таразда рақымшылыққа іліккен сотталғандардың үшеуі босатылып, 17-сінің жаза өтеу мерзімі қысқартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағаны белгілі. Бүгінде «Рақымшылық туралы» заңға сәйкес, заң бұзғандардың бірқатары еркіндікке жолдама алды.

Қазіргі таңда Тараз қалалық №1 пробация бөлімінде тұрған азаматтарға қатысты 40 материал сотқа жолданды. Нәтижесінде төрт азамат босатылып, 36 адамның жаза мерзімі қысқартылатыны белгілі болды. Бұдан бөлек, бүгінгі күнге дейін өткізілген 20 сот отырысының қорытындысына сай үш азамат жаза өтеуден босатылса, 17 адамның жаза мерзімі қысқартылды.

Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан жазасын өтеушілер мен олардың туған-туыстарына түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Онда қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығы бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні жөнінде нақты айтылды. Шын мәнінде, осы оқиғаға қатысты айыпты деп танылған сотталғандарға рақымшылық жасау туралы шешім сот тарапынан әр адам үшін жеке-жеке қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру