Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғыны ауылдасының үйіне ұрлыққа түсті

Қарағанды облысында ауылдасының үйінен алтын бұйымдар ұрлаған ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қарағанды облысы, Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне 56 жастағы ауыл тұрғынынан арыз түсті.

Жәбірленуші бірнеше күн үйінде болмаған. Қаладан келгенде оның үйіне белгісіз біреулер терезесін бұзып кіріп, үйінен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Оған келтірілген шығын көлемі 320 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 17 жастағы азамат ұсталды. Күдікті жәбірленушінің үйінде бұрын болғанын және алтын бұйымдардың қай жерде сақталатынын білгені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру