Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны жанжал барысында танысының мұрнын тістеп алды

Ақмола тұрғыны жанжал барысында танысының мұрнын тістеп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қарашада Астрахан АПБ-ға жергілікті тұрғын жүгініп, танысы оның денесіне зақым келтіргені туралы хабарлады. Әйелдер арасында жанжал болып, оның барысында жәбірленушіге “беттің жаралануы” түрінде дене жарақаттары келтірілгені анықталды. Зардап шеккенге пластикалық ота қажет.

Осы факті бойынша полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық іс қозғаудың негізі – жәбірленуші бетінің жаралануын денсаулыққа келтірілген жеңіл зиян ретінде анықтаған, сот-медициналық сараптаманың нәтижесі: мұрын ұшының тістелген жарасы “бет пішінінің өзгеруі және хирургиялық араласуды қажет етеді” деп сипатталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру