Шымкентте жол үстінде телефон пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды
Шымкентте жол үстінде телефон пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жиырма бір күн ішінде жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған 842 жүргізуші жауапқа тартылды.
Нәтижесінде автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.
Осындай рейдтік шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға және жолдарда өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.